Ерлан Батырбеков. Ядролық энергия адамзатқа қызмет етеді

405
көрілім

Адамға өзіне түсініксіз заттардан қорқу тән. Радиация және онымен байланыстының барлығы бізге үрей тудырады, өйткені біздің ол туралы білеріміз аз. Өлімге душар ететін сырқаттарды анықтау мен емдеуде радиация таптырмас тәсіл болып табылады; ал АЭС өндіретін ядролық энергия — бұл жарық пен жылу, бұл біздің үйімізде жұмыс істеп тұрған телевизорлар мен тұрмыстық техникалар. Радиобелсенділік құбылысы ашылған кезден бастап бір ғасырдан астам уақыт өтті (1896 жылы ашылған). Бұл құбылыстың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибеде қолдана алу үшін ғалымдарға тағы бірнеше онжылдық қажет болды. Бүгінгі таңда әлемнің барлық озық елдері ядролық энергетиканы қарқынды дамытуда, ал радиация мен радиактивті изотоптарды ғарыш техникасында, медцинада, биологияда, тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, геологияда пайдалану ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді.

Қазақстанда бұл сала белсенді жандануда. Уранның қоры мен өндірілуі жағынан әлемдік көшбасшылардың бірі, құрылысы енді ғана бастау алып жатқан АЭС, әлемдегі ең жойқын қарудың сынақтар туралы естелік сақтап тұрған ірі полигон, екі жарым ғасырдан астам уақытқа жететін көмірдің ірі қоры, түпкілікті жаңаруды жүргізетін МӨЗ және нарық жағдайында жұмыс істеуге дайын электроэнергетика. Мұның барлығы Шығыс пен Батыстың қиылысқан нүктесінде орналасқан Қазақстан елінің энергетикасы.

«Заманның өзі Қазақстанды атомдық электростансасын құруға итермелейді, — дейді Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков. — Болжам бойынша, он жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана электроэнергияны тұтыну 1 Гвт жоғары болмақ, ал 15-20 жылдан кейін бұл көрсеткіш 2,8 Гвт өседі. Бұл тапшылықты күн энергиясы немесе ЖЭО есебінен жабу мұмкін емес болмақ. Тек АЭС қана энергетикалық аштық проблемасын шеше алады, бұл Қазақстанды индустриалды экономикасы дамыған ел ретінде жаңа сапалы деңгейге шығарады».

Әрине, негізінде ядролық физика жатқан осы күрделі саланың еңбеккерлері, зерттеушілері, ізашарлары мен ізбасарлары құрметке лайық.

Ерлан Батырбеков Қазақстанда да, шетелдерде физик-ядерщик ретінде танымал. Ол ішкі реакторлық эксперименттер мен ядролық энергияны оптикалық сәулелендіруге түрлендіру саласындағы беделді маман болып табылады.

Алтын белгі иегері Мәскеудегі инженерлік-физикалық институтты «Кванттық электроника» мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген. Бұдан кейін ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық Физика Институтында жұмыс істейді. Лебедев атындағы (Мәскеу қаласы) Физика институтының аспирантурасын тәмамдаған соң, кандидаттық диссертация қорғайды. 1992 жылы АҚШ-тағы Иллиной университетіне жұмысқа шақырту алады. Келісім-шарт бойынша физик-зерттеуші болып қызмет атқарады. Америкада Батырбеков ядролық энергияны оптикалық сәулелендіру энергиясына тікелей түрлендіру бойынша ішкі реакторлық зерттеулер жүргізеді. Нақтырақ айтсақ, TRIGA ядролық ректорының белсенді зонасындағы ксенонның атомарлық ауысуында ядролық энергияны когерентті оптикалық сәулелендіру энергиясына тікелей түрлендіруді алған.

Ерлан Ғадлетұлының қызметтік тізімінде ҚР ҰЯО атомдық энергия Институтының «Ядролық-энергетикалық құрал-жабдықтардың физикасы» зертханасындағы басшылығы және «КК Интерконнект» қазақ-америкалық бірлескен кәсіпорындағы басшылығы бар. Ерлан Ғадлетұлы Семей ядролық полигоны конверсиясы туралы мәселелер бойынша сарапшы болып есептеледі.

Жуырда Батырбеков ҚР Ұлттық Ядролық Орталығы РМК Бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалған. Дарынды ғалым мен басшының тамаша мансабы еліміздегі жетекші ядролық орталықтарды басқаруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Ерлан Ғадлетұлы Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК Бас директорының қызметін атқаруда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішінде ең көп танылғаны оның «Тікелей және аралас толтырулары бар когерентті және когерентсіз оптикалық сәулелендірудің ішкіреакторлық ядролық-қоздырғыш көздері» тақырыбындағы диссертациясы болып табылады (2009 жылы қорғалған).

Е.Ғ. Батырбековтың ғылыми қызметінің нәтижелері отандық және халықаралаық жетекші ғылыми басылымдарда жарияланып, халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, жиындарда баяндалған және мамандардың арасында кең танымалдыққа ие.

Оның ядролық энергетика, ядролық энергетиканы түрлендіру және ядролық-қоздырғыш плазаманың физикасы бойынша жарияланымдарының саны 100 басылымдық жұмыстан асады,соның ішінде «Оптикалық сәулелендірудің ядролық-қоздырғыш көздері» монографиясы да бар.

Ерлан Ғадлетұлы Батырбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы атомдық саласының еңбек сіңірген қызметкері» I дәрежедегі (алтын белгі) төсблегісімен марапатталған.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.