Ерлан Саиров: Еліміздегі негізгі мәселелердің бірі - экономика мен саясаттағы монополия

468
көрілім

Облыс орталығында өткен жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты республиканың 30 жыл ішінде жеткен жетістігі мен өзекті саналатын мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.
Алдымен қол жеткізген жетістік деп ел шекарасының бекітілуін атап өтті. Мұнымен қатар тамыры тереңге кеткен түйткіл деп саясат пен экономикадағы монополистерді сөз етті.
- Бізде белгілі бір мөлшерде жеке басқа табынушылық та бар. Алайда соның ішінде елдің ішкі жалпы өнімінің 60%-дан астамының 163 адамның еншісінде екені өз алдына мәселе. Осы ретте Мемлекет басшысы Конституцияға өзгеріс енгізу арқылы осындай теңсіздікті жоюды көздейді, - деді Ерлан Биахметұлы.
Депутат елде тұрып жатқан 19 млн 200 мың адамның мемлекет қазынасының игілігін тек бұқара жұрт көруі кем-кетіктің барлығын толтырып барып, іске асырылуы тиіс екендігін жеткізді.