Ерлан Серікжанов Masters турнирінде бақ сынайды

705
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Бұл жолы әлемдік Masters турнирінде шығысқазақстандық дзюдошылардан үржарлық Ерлан Серікжанов қана өнер көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы жылдың алғашқы аламаны 11-13 қаңтар аралығында Катардың Доха қаласында өтеді. Ресми деректерге сәйкес бұған әлемдік рейтингте үздік 36 татами шеберінің қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады.

Ел құрамасы сапында аталған турнирге жеті дзюдошы жүлде үшін таласпақ. Оның ішінде 66 келіге дейінгі дәрежеде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Ерлан Серікжанов татамиге беттейді. Байрақты бәсекеге жер-жаһанның 70-тен астам елінен спортшылар келеді деп күтілуде.