Ерлан Серікжанов жарақатына байланысты Үлкен Дулыға турниріне қатыспады

608
көрілім

Күні кеше Мажарстан астанасы Будапештте дзюдодан Үлкен Дулыға бәсекесі өтіп, Ұлттық құрама спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дегенмен ешбірі де жүлдеге іліне алмады. Құрама сапында жерлестерімізден Ерлан Серікжанов (66 келі) пен Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) белдесті. Өкінішке қарай, үржарлық дзюдошы бірде бір белдесу өткізбей сайысты аяқтады. Себеп – жарақат. Дзюдо парақшасы ұсынған мәлімет осындай. Ерасыл Қажыбаев бірден грузиялық Левани Матиашвилиге жол берді. Бұдан басқа 60 келі салмақтағы Ғұсман Қырғызбаевта қола медаль иелену мүмкіндігі болған еді. Қола дегенде де көпшілігі алдымен жұбаныш белдесуін сәтті өткереді деп сенім білдірген-ді. Дегенмен моңғол дзюдошысы Унуболд Лхагважамцтан айласын асыра алмады.

Сайыст қорытындысында қазақстандық бірде бір дзюдошы жүлдегер ата алмады.