Өңір басшысының сөзінше, аталған аудан ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруде мол мүмкіндікке ие, деп хабарлайды Buqara.kz. сайтының тілшісі.
Биыл ауданда 17 мың жаңа жұмыс орны ашылған көрінеді. Іскер азаматтар жаңа жоспар бекітіп жатыр. Осы жылы кәсіпкерлер ірі қараның 196 симменталь тұқымын әкелген. Соның 96-сын Германиядан жеткізген. Асыл тұқымды ірі қараны Уварово мен Бобровка ауылдарында өсіріп жатыр.
- Сүт-тауарлы фермаларды дамыту қажет. Бұл үшін әлбетте, сүтті сиырларды көптен әкелу керек. Глубокое ауданы - ауыл шаруашылығы бойынша облыс қана емес, республикада алдыңғы қатарда. Осы саланы қарқынды дамытуға болады. Тек өзіндік қиындықтары бар. Айталық, экспорттауға қолайлы тауарларды толықтай қуаттандырылмаған шаруа қожалықтары өндіріп жатыр. Осы бағытта жұмыс жалғасуы тиіс, - деді Ермек Беделбайұлы.