Ермек Көшербаев қала, аудан әкімдеріне соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын тексеруді тапсырды

329
көрілім
Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Тапсырма облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшылығы ақпаратынан соң беріліп, ардагерлерді әлеуметтік қолдау жағы ақсап қалмауы басшылыққа алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған басқарма басшысы Альмира Мусинованың ақпаратынша, денсаулық сақтау бөлігі бойынша жыл басынан бері 330 адам тексерілді. Оның ішінде, 59 адам кардиолог, невропатолог, отоларинголог және көз дәрігері сынды мамандар көмегіне жүгінген. Ермек Көшербаевтың айтуынша, қарттар үшін сауықтыруға арналған нысандар әркез қолжетімді болуы тиіс.

– Соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмыстық жағдайларын тексеруді ұйымдастыруды тапсырамын. Қажетті көмек көрсетілуі керек. Дене шынықтыру және спорт, Білім және Мәдениет басқармалары бірлесіп, белсенді әрі ұзақ өмір сүру шеңберінде тиісті нысандарға кедергісіз кіре алуларын қамтамасыз етулері қажет, – деді облыс әкімі.