ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза болған кеншілердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бүгін Қазақстан халқы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаны естіп, есеңгіреп қалды. Өрт салдарынан адам өлімі орын алып, зардап шеккендер де көп. Президентіміз 29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
- Мен барлық қаза тапқандардың туыстарына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтамын. Өте ауыр жағдай, орны толмас қайғы. Кенді Алтай өңірінің тұрғындары шахта және кен ісімен өте жақсы таныс. Өйткені көбі осы кәсіптің төңірегінде еңбек етуде. Біз апатқа душар болған отандастарымызға барынша қолдау танытып, көмегімізді аямаймыз, - деді облыс әкімі.