Депутат Шығыс Қазақстанда сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы облыстың 2023 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабардар етіп, басты міндеттерге де тоқталды. Оның ішінде екі жаңа аудан – Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарының ашылуына байланысты дайындық жұмыстары туралы айтып берді.
Кездесуде кең ауқымды мәселелер қарастырылды, атап айтқанда, шағын және орта бизнесті дамыту, қатты тұрмыстық қалдықтар, Риддер ЖЭО жұмысы, жаңа ЖЭО құрылысы аясында жалпы облыстың жылу энергиясын дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тау-кен саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау жайында сөз қозғалды.