Облыс тұрғындары аймақ басшысының алдында медицина, кәсіп саласында түрлі сауалдар мен ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Мәселен, өңірдің белгілі ғалымы, жазушысы және орнитологы Борис Щербаков Көктау тау жотасы мен Абылайкит аумағындағы тарихи музей базасында рекреациялык аймак кұру жобалары туралы айтып берді.
- Бұл туризмді дамытуға бағытталған жақсы идея. Облыс тұрғыны Анатолий Лаптев теле жане бейне индустриясын дамытуда өз ойымен бөлісті. Галина мен Александр Лукьяновтар аудандарыда, атап айтқанда Риддерде гемодиализ кабинеттерінің жетіспеушілігі мәселесін айтты. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселені медициналық, логистика тұрғысынан қарастырады, осылайша осы кабинеттерге жету сол немесе басқа аудандары барлық елді мекендердң пациенттеріне ыңғайлы болды, - деді Ермек Беделбайұлы,
Сондай - ақ, Казақстандағы балалар ойыншықтарын өндірушілер кауымдастықтарының төрағасы Наталья Саратова жүгінді.
- Ол ойыншықтардың өндірісі мен ерекшеліктері, олардың үштілділікті дамыту тұжырымдамасына сәйкес жасалуы жане осы саланың басқа аспектілері туралы айтты. Білім басқармасында мамандарға Шығыс Қазақстанның мектепке дейінгі және үйірме ұйымдары жергілікті ойыншықтармен жабдықталуын камтамасыз ету бойынша жұмыс жасау тапсырылды. Бірнеше өтініштер еңбек заңнамасын бұзуға қатысты болды, олар еңбек инспекциясы басқармасының басшысына жіберілді. Әр жағдайды жіті қарап, маған нәтижелері бойынша жеке есеп береді, - деді өңір әкімі.