Облыс басшысының сөзінше, туризм аудан экономикасын көтеру тетіктерінің бірі болып саналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ең алдымен Глубокое ауданының үш ауылы мысал етілді. Айталық, Предгорное, Коробиха, Зимовье сияқты елдімекендер нақты қадамдарға көшкен.
- Осыған дейін Катонқарағай, Алтай аудандары мен Риддер қаласы тынығушыларды молынан жинап келді. Самар да бұдан қалыспауы тиіс. Шыны керек, бұл ауданның ондай мүмкіндікке ие екеніне сенбедім. 12 жыл бұрын осы өлкеге немістер келген еді. Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салып, туризмді дамытуды көздеді. Бірақ ол аяқсыз қалды. Осы ретте жергілікті кәсіпкерлермен де сөйлестім. Иә, мәселелер бар. Электр желісі жекеменшік жер арқылы өтеді екен. Шешуге болады. Самар өлкесіндегі туризмнің дамуын қадағалау үшін аудан әкімі Нұрлан Махамбетовке екі апта ішінде кешенді жоспар әзірлеуге тапсырма беремін, - деді Ермек Көшербаев.