Өңір басшысы «Эмиль» және «Шығыс сүт» компанияларының өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарды талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған кәсіпорындардің өнімдері тек Шығыс Қазақстан ғана емес, өзге де облыстарға таныс.
- Сонымен қатар «Шығыс Сүт» Беларусь нарықтарына өнім жеткізетін болады. Бүгінгі таңда өндірушілердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - өткізу нарықтарын кеңейту. Бұл үшін әрине, субсидиялар қажет. Біз өз тарапымыздан сүтті терең өңдеуді қолдауға және өнім бағасының өсуіне жол бермеу үшін қаражат көлемін бөлеміз, - деді Ермек Беделбайұлы.
Облыс әкімі бүгінде Шығыс Қазақстан өзін сүтпен толық қамтамасыз етіп отырғанын, фермерлерден түсетін шикізат сапасына баса назар аударылатынын жеткізді.
- Өңірде сүтті мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларды және дайын өнім өндіретін компанияларды қолдау шаралары әзірленуде, - деді әкім.