Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев "Уба" шипажайының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Шығыс Қазақстанның барлық 500 ардагерлер ұйымдары өкілдерінің кездесуі өткен "Уба" шипажайында болдым. Бұл біздің аға буынымыз қоғамдық өмірге белсене қатысып, жастар үшін тәлімгер, ынта мен жігерлігі жоғары екендігін тағы бір мәрте дәлелдемек, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Санаторийде медициналық блок толығымен жаңартылып, демалыстан басқа зейнеткерлер мұнда заманауи жабдықты пайдалана отырып, қажетті ем алуда.
- Бұл күндері Орталықта вокалдық байқау өтіп, төрт ардагеріміз үздік деп танылды. Оларға мақтау қағаздары мен сыйлықтарды табыстап, жоғары белсенділіктерін атап өттім. Біздің олардан үйренеріміз өте көп, - деді Ермек Көшербаев.