Ермек Көшербаев Ұлан ауданындағы спорт кешенінде кемшіліктер көп екенін айтты

94
көрілім
Фотосурет moy-gorod.kz сайтынан

Таврия ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жағдайымен танысқан аймақ әкімі мердігерлер қай жерде шалыс басқандарын көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ауылдағы спорттық нысан - құрылысы ұзаққа созылған объектілердің бесіншісі. Мерзімінен кешігуімен қатар киім ауыстыратын бөлмедегі су тот басқан құбырдан ағады. Терезе сынып кетпес үшін қойылған торларды бекітпей ұмытып кеткен. Тренажерлар болса, алаңсыз жаттығу жасауға мүлде келмейді.
- Мынадай кемшіліктерді байқай тұра, оны қолданысқа беруге болмайды. Адамдар үшін қауіпті тұсы көп. Құрылысқа жауапты мекеме - QazConstruction. Бозанбай ауылындағы құрылысқа да сол жауапты болған. Мердігерге қойылар сұрақ көп, - деді өңір басшысы.