Еліміздің грек-рим күресінің шеберлері Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына жол тартады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құрама сапында өзгерістер бар. Естеріңізде болса, Түркияның Стамбул қаласында өткен Яшар Догу рейтингілік турнирінде әр салмақта үш спортшыдан бақ сынаған еді. Оза шапқандары осы Азия чемпионатына іріктелді. 55 келіге дейінгі салмақта Аманғали Бекболатов күміс медаль иеленсе де бапкерлер сенімін жоғалтпаған. Одан бөлек, семейлік Ернұр Фидахметов пен Нұрсұлтан Тұрсынов бозкілемге беттейді: Назарларыңызға құрлықтық чемпионатқа баратын «классиктер» тізімін ұсынамыз:
55 келі – Аманғали Бекболатов (СҚО)
60 келі – Ернұр Фидахметов (ШҚО)
63 келі – Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
67 келі – Мейржан Шермахамбет (Шымкент)
72 келі – Абылайхан Амзеев (Түркістан облысы)
77 келі – Мақсат Ережепов (Атырау облысы)
82 келі – Диас Қален (Алматы облысы)
87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов (ШҚО)
97 келі – Санжар Серікқан (Алматы облысы)
130 келі – Әлімхан Сыздықов (Шымкент)
Аталған дода сәуір айының 19-25 аралығында өтеді.