Алдағы сенбіде облыс орталығында екі бірдей ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында өтетін жәрмеңкеге Ұлан ауданының кәсіпкерлері келсе, Металлургтер мәдениет сарайының (ДКМ) алдындағы алаңда Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей қолжетімді бағада ет, балық, май, ірімшік, сүт өнімдері, бал күнбағыс майы, көкөніс саудаланбақ.
Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қараша айының 25-і күні сағат 9:00-де басталады.