"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпаратынша, 8 тамызда облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. Күндіз ауа райы 35 градусқа дейін ысиды.
Өскеменде оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-18 м/с жететін жел соғады. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады,ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыздар.