«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 22 шілде түнде облыстың солтүстігінде, ал күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түнде облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Ал күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ, дауыл соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.
Өскеменде күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с жететін жел соғады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.