«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, 2-тамызда күндіз облыс аумағында қатты ыстық болады, ауа темпаратурасы 36 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоғары өрт қауіпі облыстың оңтүстік, солтүстік, орталық аймақтарында сақталады.
Облыстық төтенше жағдай қызметінің мамандары аптапта абай болуға шақырады:
- мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін.
- көшеде баяу қозғалыңыз, көлеңке жағалап жүргеніңіз абзал.
-өрт қауіптілігі жоғары кезде табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды;
- отпен абай болыңыз.
Төтенше жағдай кезінде "112" телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.