29 шілде күні Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында халықаралық ақындар айтысы өтеді. Биыл екінші рет өткелі жатқан «Туған жерге туыңды тік!» атты жыр доданың бас демеушісі Тасткеевтер әулеті болып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі aitysker.орг сайтына сілтеме жасап.
Айтысқа Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мухтар Ниязов, Төлеген Жаманов, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Қалижан Білдәшев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан сияқты танымал он ақынмен қатар Қытай, Моңғолиядан азулы ақындар қатысады.
Жыр додасын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.