Өңірде қуаты 350 МВт-қа дейін жететін жаңа су электр станциясын салу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құрылысты «Самұрық-Қазына» АҚ мен катарлық Nebras Power инвестор компаниясы жүргізетіні белгілі болды. Аталған станция Ертіс өзенінде орналасады деп жоспарлануда. Жоба жаңа өндіруші қуатпен қамтамасыз етіп, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған Үлбі СЭС-іне контр реттеуіш қызметін атқарады.
Тараптар жобаны бірлесіп әзірлеуге құлшыныс білдіріп, алдын ала шартты да бекітіп үлгерді.
Аталған жаңалықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабардар. Оған бұл туралы Nebras Power директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер әл-Хаджримен кездескен сәтінде хабарланды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА