Ертісте су деңгейі көтерілді

139
көрілім
Фото:ertisoniri.kz сайтынан

 Семейде су деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, 21 қаңтарда Ертістегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бейбітшілік аралында тұратын 11 адам эвакуацияланды.
Аралда су басу қаупін жою үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Тұрғындар үйлеріне қайта көшті.
Бұл ретте, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ертіс жағасында орналасқан Бабровка саяжайының тұрғындарына нұсқаулық өткізді.