Есен Мәженов: Еліміздегі нағыз жүйріктер Сарыөлеңге жиналды

4878
көрілім

Күршім ауданындағы Сарыөлең ауылдық округінің 60 жылдығы ауқымды деңгейде тойланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті меценат Оразбек Базарбай ат жарысына үш көлік тіккен. Тай бәйгесінде топ жарғаны миллион теңгеге ие болды. 
- Ел көлеміндегі нағыз жүйріктер Сарыөлеңге жиналды. Қырғызстаннан әкелінген тұлпарлардың бірі көпке белгілі қылқұйрықты, үнемі мәреге бірінші болып келеді. Ол да тойымыздың көркін қыздырғаны сөзсіз. Жалпы, ауылдық округтің 60 жылдығын дүркіретіп атап өтуде қай шараның болсын бел ортасында жүретін Нұрлан Қасымхановты атап өтуге болады. Сарыөлеңнің тумасы. Аудан әкімдігі де барынша қолдау білдірген. Осы өңірдің тумасы ретінде бірлесе әрекет етіп, ойдағыдай өтуі үшін барымызды салдық, - деді ат жарысын ұйымдастырушылардың бірі, әрі облысқа танымал өнер иесі Есен Мәженов.

Әділхан ЕСІМХАНОВ