Облыстық Прокуратурада өткен жиында инвестициялық жобаларды уақтылы қолдау, жұмыс барысында оларға қандай кедергілер ұшырасатындығы айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құқық қорғау органы өкілдерінің сөзінше, прокуратура аумағында көтерілген әр мәселе тиісті бағытта қаралады. Белгілі болғандай, жоспарлаған жұмысты құжат жүзінде жүргізуге құқылы кәсіпорындар мүддесі көп жағдайда қорғалмай жатады.
– Инвесторлардан түскен өтініш-сауалдарға тез жауап беріп, жедел қимылдау үшін бизнесті қорғау бойынша мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Ешбірі назардан тыс қалмайды. Біздегі фронт кеңсе бағыттарының бірі – бизнесті қорғау саласы. Мемлекет басшысы тапсырмасынан кейін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу одан ары жалғасады, – деді ШҚО Прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Мұхаметжан Оразбаев.
Ресми ақпаратқа сәйкес, прокуратураның араласуымен бүгінде 37 инвестициялық жоба қолдау тауып, іске асырылды.