Қаңтар айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның әскери билет алуға көмектесемін деп алдап кеткендігіне шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті тұрғынға ер адам 2020 жылдың ақпан айының ортасында әскери билет алуға көмектесемін деп уәде бергенін айтқан көрінеді.
– Көмектескені үшін әлгі адам 300 000 теңге алған, алайда біршама уақыттан кейін байланысқа шығуды қойған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол 57 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бүгінде күдіктіге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарыбасталды. Оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.