Әскери басқару органдары ниет білдірушілерді келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтауда

712
көрілім

Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне қатардағы жауынгер және сержанттар құрамында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 600-ге жуық адам жолданып, қабылданды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарда ҚР азаматтығы болуы, курсанттар мен өзге де санаттағы әскери қызметшілерді есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери есепке алу мамандығы болуы, әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызмет өткеруі не ЖОО-ның әскери кафедрасында оқытудан өтуі немесе әскери-оқытылған резервті даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

Жергілікті әскери басқару органдары жанындағы әскери қызметке қабылдау пункттеріне қазақстандық армияның қатарын толықтыруға ниет білдіргендердің саны толастар емес. Олардың көбі ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниет білдірді.