Әскери қызметтен жалтарудың алдын алу

858
көрілім

Өскемен гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери бөлімді өз бетімен тастап кету, әскери қызметтен жалтарудың алдын алуға бағытталған онкүндік өткізілуде.
Бөлім басшылығы гарнизон әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.
    Шараның мақсаты–әскери полиция қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің нормаларын, атап айтқанда ҚР ҚК 441-бабын (бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету), 443-бабын (әскери қызмет өткеруден жалтару немесе бас тарту), сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау кезіндегі құқықтық салдарларды түсіндіру.
–    Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері арасында әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету дәйектеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілуде – дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицері әділет аға лейтенанты Дидар Ибраев.

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру үшін гарнизонда әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс ұйымдастырылуда. Дөңгелек үстел барысында әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және оны болдырмау, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызмет