Әскерилер арасында «Ойлы болсаң, озып көр» сайысы өтті

847
көрілім

Өскемен гарнизонында «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай әскери қызметшілермен «Ойлы болсаң озып көр» сайысы өткізілді.

Сайысқа бірінші және екінші мотоатқыштар батальонының сарбаздары қатысты. Бес кезеңнен тұратын жарыста қатысушылар қазақ тілінде топтарын таныстырып, жасырынған сөздерді тауып, логикалық және зияткерлік сауалдарға жауап берді. Байрақты бәсекеде сарбаздар білгірліктерін, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
–  Іс-шараның мақсаты сарбаздар арасында мемлекеттік тілді дәріптеп, насихаттау болып табылады. Бір қуантарлығы осындай сайысқа мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер белсенді түрде қатсады. Бұл мереке әскери бөлімде дәстүрлі түрде жыл сайын атап өтіледі, – деді механикаландырылған бригаданың мемлекеттік тілді дамыту маманы Шынар Беспаева.
Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші мотоатқыштар батальоны, яғни «Тапқырлар» тобы бірінші орынға, ал«Шырақ» тобы екінші орынға ие болды.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі