«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадада әскери қызметшілердің қатысуымен жол көлік оқиғалары фактілерін азайту және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша айлық жүргізілуде.
Шара гарнизонның автоәуесқойлар қоғамы және Өскемен гарнизоны әскери автокөлік полициясы бөлімшесімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Айлық барысында жеке құрамға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі кеңінен жеткізілді.
- Іс-шара барысында Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі әскери автокөлік полициясы бөлімшесінің қызметкерлері Қарулы Күштердегі жол көлік оқиғаларының талдауын және жол қозғалысы саласының заңнамасындағы өзгерістерінде жеткізді, - дейді гарнизонның автоәуесқойлар қоғамының төрағасы капитан Бағлан Есенбаев.
Айта кетейік, аталған іс-шара жол көлік оқиғаларының санын және олардың салдарының ауырлығын төмендетуге бағытталған.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі