Күршім өткелінде мұз үстімен жүрген автокөлік иелеріне ескерту жасалуда, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Күршім ауданына апаратын "Қызыл Ту" мұз өткелі әзірге ресми түрде ашылмаса да автокөлік жүргізушілері ескертуге құлақ асар емес. Мұз үстіндегі көлік қозғалысы мереке күндері тіптен көбейіп кетен.
- Әр көлік жүргізушісіне көлік мұз астына түсіп кеткенде не істеу керектігі жайында ескерту парақшалары таратылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Қоса кетсек, жақында әлеуметтік желі қолданушылары мұндай жағдайдың өткен жылы Көкпекті ауданында орын алғанын жазған болатын. Абырой болғанда, оқыс оқиғадан опат болғандар жоқ. Құтқарушылар болса, көмекке ешкімнің жүгінбегенін алға тартты.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ