Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысында бірқатар азық-түлік өнімдерінің көлемі 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда біршама артқан. Нақты айтар болсақ, ет өндіру – 4,8%-ға, сүт өндіру – 3,4% жұмыртқа өндіру 0,6%-ға көбейіпті, деп хабарлайды buqara.kz сайтының тілшісі.
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 41,9 млрд. теңгені құраған. Ет пен сүт өндіру бойынша облысымыз республикада үшінші орында тұр.
– Биылғы жылдың I тоқсанындағы көрсеткішке сәйкес, аймақтың тұтынушылар нарығында азық-түлік тауарлары 4,2%-ға, қызметтер 2,6%-ға қымбаттай түскен. 1-сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 20828 бірлікті құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілері 16016, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артты, – дейді ШҚО Статистика департаменті басшысының орынбасары Назгүл Оразаева.
Талғатжан Мұхамадиев