Этникалық қазақтар ШҚО-да тұруға рұқсат алды

464
көрілім

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 30-ға жуық этникалық қазақтарға ШҚО-да тұруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайты.

Зайсан ауданындағы полиция бөлімшесіне 81 жастағы қария арызданған. Ол 2017 жылы оралман мәртебесін алғаннан кейін отбасылық себептерге байланысты Қытай Халық Республикасына кетуге мәжбүр болады. Ол жақтан қайтып оралған соң акциялар арқасында құжаттарды қайта жинауға мәжбүр болмаған. Оралман мәртебесін ұзартқаннан кейін ақсақал жеңілдетілген тәртіпте 2019 жылдың соңына дейін азаматтығын алуға мүмкіндігі бар.

ҚР ІІМ бастамасымен 2019 жылдың қыркүйегінен бастап оралман мәртебесін алған және 6 айдан астам (183 күн) мемлекеттен тысқары болған адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты қалпына келтіретін акция өткізілді.

Акцияның тиімділігі, құжаттарды қайта жинамай-ақ тұрақты тұруға мүмкіндік береді.

Бұл акция 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.