2014 жылы Евгений Выблов Х FACTOR бесінші маусымының жеңімпазы атанды. Өскемендік вокалисттің көзге түскен ерекше бір сахналық нөмірінен кейін оны «Қазақстандық Рики Мартин» деп атап кеткен.
Тоғыз жасына дейін Женя Выблов әжесінің қолында өсті. 2000 жылдан бастап ол «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі болды. Балалар үйінде ол тұрақты түрде вокалмен айналысады. Әншілік өнерге Женяны Матабаев Ерболат Закиұлы мен Жүнісова Сәния Керімбайқызы үйретті.
Евгений мектептен кейін университеттің музыкалық-педагогикалық факультетіне оқуға түсіп, дипломын алған соң өзінің туған үйіндей болып кеткен балалар үйіне тәрбиеші болып жұмыс істеу үшін қайта оралады.
Х FACTOR конкурсына дейін Евгений Выблов талай белестерді бағындырып келді:
2005 жыл:
-
Республикалық «Абай оқулары» конкурсының III дәрежелі дипломанты (Семей).
-
«Әншi,болғым келеді» телевизиялық конкурсының жеңімпазы (Алматы).
-
Халықаралық «Мы вместе» фестивалінің I дәрежелі дипломы (Барнаул).
2006 жыл:
-
Халықаралық «Сибирская чайхана» фестивалінің лауреаты (Новосибирск).
2008 жыл:
-
Халықаралық «Кастальский Ключ» конкурсының II дәрежелі дипломанты (Санкт- Петербург).
2011 жылы Хfactor.kz (2 маусым) бағдарламасына қатысып, үздік жиырма үміткердің қатарына қосылады. Ал 2014 жылы жеңіске де жетеді.
Өзінің табысы үшін ол тек Джо Крокерді ғана емес, балалар үйінің директоры, екінші анасындай болған Майра Баймузановаға да алғыс айтады. Женяның бойындағы дарынды ең алғаш байқап, барлық бастамасында қолдау көрсетіп отыратын осы адам еді.
Қазір Евгений «Үміт» балалар үйінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарады.
« Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгісімен марапатталған.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.