Әйел зорлаған күдіктіні қолға түсірді

442
көрілім

Павлодарда «102» нөміріне И. есмді әйел  хабарласып, Ж азамат үйінде еркіне қарсы зорлағанын айтып, арызданған.
 Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің сақшылары бірден  қылмыскерді іздестіруге кіріседі. Сағат түнгі 22.30 шамасында  Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің аулаларын аралау кезінде сипатқа сай  келетін Ж .азамат әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай  бастайды. Сақшылар ер адамды ұстап, дереу №4 полиция учаскесіне жеткізеді. Жәбірленуші ұсталған адамды бірден таниды. Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты  ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы