Облыс орталығындағы Үлбі полиция бөлімшесіне қоңырау шалған жәбірленуші тоналғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 39 жастағы еркек ұрлық жасағаны анықталды. Оқиға болған күні ол, Назарбаев көшесінде орналасқан дүкендердің бірінің қоймасына кіріп, 4 әйелдер күртесін алып кеткен.
Шығын көлемі 60 000 теңгені құрады. Жедел әрекет еткен тәртіп сақышалыр оның жеке деректерін анықтады. Қазіргі уақытта кінәсін толық мойындаған жігітке қатысты сот ісі қозғалған.