Әйгілі Джеки Чан Астанада өтетін кинофестивальға келе жатыр

911
көрілім

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан маусымда Қазақстанға келеді, Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік ecns.cn сайтының хабарлауынша, атақты актер Қазақстандағы кинофестивальге келмек.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз микроблогында Джеки Чанның фильмдерін көріп, Қытай елін ұнатып қалғаны жайында көп жазады. Енді оның отандастары аңыз адамды үлкен экраннан қайта көре алады, – деп жазыпты басылым.
Басылымның мәліметі бойынша, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шара аясында келеді екен.
– Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының «Кунг-фу Йога» (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу» — автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады, – делінген басылым ақпаратында.