«Семей» футзал командасы үш дүркін «Алтын доп» иегері бразилиялық Ферраоны қатарына қосты, деп жазады Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпарат fcsemei парақшасында жазылды. Естеріңізге сала кетейік, биыл семейлік клуб ел біріншілігінде топ жарып, алғаш рет чемпион атанған болатын. Соған сәйкес, Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Бүгінде команда басшылығы құрамын тәжірибелі футзалшылармен толықтырып жатыр. Жуырда команда сапына танымал қазақстандық қақпашы Лео Игита қосылған еді.
Енді «Семей» командасының жейдесін футзал жанкүйерлеріне Феррао лақап атымен танымал Карлос Вагнер Гуларте Фило де киді.
Феррао 1990 жылдың 29 қазанында дүниеге келген. Спортшы «Жоинвилл», «Атлант» «Фаррупилья», «Тюмень» клубтарында доп тепкен. 2014 жылдан бері «Барселона» командасының намысын қорғады.