Франциямен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам

2773
көрілім

Ақпан айының 11-і күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Францияның Қазақстандағы жаңа елшісі Дидье Канесспен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар әңгімелесу барысында саяси жаңғырту мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы бірінші басшылардың алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі, жауапкершілікті қатаңдату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы жауапкершілікті атап айтумен, салалық заңнаманың новеллалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз тарапынан, Канесс мырза Агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы оң пікірін білдіріп, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларының жақсарғанын атап өтті.

Францияның Қазақстанның топ-5 инвесторларының қатарына кіретінін ескере отырып, «Protecting business and investments» жобасы дипломаттардың ерекше қызығушылығын тудырды. Екі жақ осы бағыттағы өзара іс-қимылды нығайтуға және Қазақстандағы француз бизнесінің өкілдерімен жақын арада кездесу ұйымдастыруға келісті.

Екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастығының негізі 2009 жылы үкіметаралық келісім деңгейінде қаланды. Белгіленген уағдаластықтар шеңберінде жыл сайын жылына, кемінде 2 рет Агенттік қызметкерлері тәжірибе алмасуға және француз әріптестерінен оқудан өтуге мүмкіндік алады.

Мәселен, 25-29 қаңтар аралығында Ұлттық басқару мектебінің (ENA) қолдауымен Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлері үшін онлайн-семинар ұйымдастырылды.

Кездесу соңында елші өткен жылы оқудан өткен адамдарға сертификаттар табыс етті. Тараптар бір-бірімен, оның ішінде тағылымдамаларды ұйымдастыру арқылы тәжірибемен бөлісуді одан әрі жалғастыруға ниетті.