Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінде шағын футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Салқынтөбе ауылында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Аталған спорт нысаны жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асқан жобалардың бірі. Ашылу салтанатына келген аудан әкімі Нұрлан Сыдықов жас спортшыларға бірнеше футбол доптарын, ал бүгінде 80 жасқа толған ауыл тұрғыны Александр Бердікеновке «Жарма ауданының 90 жылдық мерейтойы» төсбелгісін табыс етті.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ