Механикаландырылған бригада базасында Өскемен гарнизоны бөлімшелерінің психологтарымен нұсқаулық-әдістемелік жиын өткізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің түрлі санаттарымен психологиялық жұмыстың нысандары мен әдістерін оқыту болып табылады. Психологиялық жұмыс бейбіт уақыттағы тәрбие жұмысының жүйесі мен жауынгерлік қызметті моральдық-психологиялық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Жиынға әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің өкілдері және батальон, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Гарнизонның офицер-психологтары капитан Әлия Лакова, лейтенант Анастасия Сакович мерзімді қызметтегі сарбаздармен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және офицерлермен психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
- Бөлім психологтары әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығын сақтау, кез-келген жағдайда қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті жеке құрамның психологиялық қасиеттерін дамыту мәселелерін қарады. Батальон, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша орынбасарларын мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен жұмыс кезінде эмоциялық шиеленісті жеңілдету әдістеріне оқытуға ерекше назар аударылды және психологиялық тренингтер өткізу әдістемесі көрсетілді, – деді механикаландырылған бригаданың офицер-психологы капитан Әлия Лакова.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі