"ГАЗель" көлігін тұрғын аймаққа тұрақтатуға бола ма?

655
көрілім

– «ГАЗель» автокөлігін көпқабатты тұрғын үйдің ауласына тұрақтатуға бола ма? Білуімше, еліміздің жол жүрісі қағидаларында жүк көліктерін тұрғын аймақта тұрақтатуға болмайды.

Асхат, Өскемен қаласы

Сіздің сұрағыңызға ШҚО Ішкі істер департаменті жауап берді:

– «ГАЗель» маркалы көлігі рұқсат етілген салмағы 3,5 тонналық аз салмақты жүк көліктерінің санатына жатады. Мұндай көліктердің тұрғын аймақтарда тұрақтап тұруына рұқсат етілген. Бұл норма ҚР Жол жүрісі қағидаларында регламенттелген.