Геннадий Головкин Альвареспен өтетін кездесуден соң спорттан кетуі мүмкін

714
көрілім
Фотосурет Bnews.kz сайтынан алынды.
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) алдағы жоспарын әлі айқындамағанын және Канеломен өтетін жекпе-жектен кейін спорттық мансабын қорытындылауы мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вnews.kz сайтына сүйене отырып.

Қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін кездесуден кейін спорттан кетуі мүмкін екендігін айтты.

— Осы жекпе-жектен кейін мүмкін спорттық мансабымды аяқтармын. Бірақ жалғастыруым да ғажап емес. Өзімді жақсы сезінемін. Қазір жасым 35-те болғанымен 25-тегідей сезінемін. Дей тұрғанмен бұл футбол емес, бұл бокс. Ойын емес, шайқас және әрбір шайқас өте қиын, — деді Головкин.

Естеріңізге саламыз, Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.