Өңір әкімдігіне Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері келіп, пайдалы қазбаларды игеруге қатысты жиын маңызына тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Комитет мүшесі Сенат депутаты ретінде де түрлі мәселелерге араласып келеді. Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан өнеркәсіп саласы бойынша алпауыт саналатын аймақтардың бірі.
– 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Президент Жолдауында геологиялық барлау жұмыстар алаңын 1,5 млн шаршы шақырымнан 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту көзделді. Бүгін Шығыс Қазақстан аумағында өткізіліп жатқан кездесулер барысында өнеркәсіп басшыларынан бастап, кәсіпкерлермен кездесеміз. Бұл аймақтың пайдалы қазбалар тұрғысында әлеуеті жоғары. Одан бөлек, бүгінгі жиындағы ұсынымдардың ескертпелері негізгі заң қабылдау жұмысы кезінде ескерілмек, – деді Бибігүл Бүркітқызы.
Жауапты тұлға облыс аумағында нақты қандай металл түрлері зерттелетінін айтпады. Сөзінше, полиметалл болса да, оларды бөліп қарастыру басшылыққа алынбады. Жұмыс барлық шеңберде жалғасуы тиіс.
Әділхан ЕСІМХАНОВ