ШҚО Полиция департаменті бастығының бұйрығымен бұл лауазымға полиция подполковнигі Айдын Әділғазинов тағайындалды.
Бөлімшенің жаңа басшысын жеке құрамға ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков таныстырды.
Полиция подполковнигі Айдын Әділғазинов ішкі істер органдарында өз қызметін 2002 жылы Өскемен қаласы ІІБ учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастаған. Жас басшының жедел қызметте үлкен еңбек өтілі бар. Бұған дейін Күршім АПБ бастығының орынбасары, сондай-ақ Белоусовка ППБ бастығы болып жұмыс істеген. Тағайындалғанға дейін Тарбағатай полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
- "Полиция бөлімдері мен басқармаларының бастықтары - бұл мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің полицияны реформалау бойынша қойған міндеттерін іске асырудағы негізгі тұлғалар болып табылады. Олардың жинақталған білімі мен жұмыс тәжірибесін неғұрлым күрделі жұмыс учаскелерінде пайдалану қажет",- деп атап өтті полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Өңірдің бас полицейі тағайындалған басшыға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, сеніп тапсырылған бөлімшеде қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. ПД бастығы қызметтің ашықтығы мен халықтың құқық қорғау органының жұмысына деген сенім деңгейін арттыруға, тәртіпті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауға және азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге баса назар аударды.