«Amanat» партиясы ШҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының жұмыс тобы Глубокое ауданы Карагужиха ауылының тұрғындары көтерген жол мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс тобының құрамында Мало-Уба ауылдық округінің әкімі С.И.Сомов және Глубокое ауданының ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е. М. Идрышев, «Amanat» партиясының аумақтық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Ю.Кузнецова, «Amanat» партиясының ШҚО филиалының партиялық бақылау инспекторы Т.Ж. Канафин және облыстық филиалдың заңгер кеңесшісі Б.Ж.Сағадиев бар.
Тексеру барысында жұмыс тобының мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп олардың мәселелерін тыңдады.
- Жалпы, Малая Убинка ауылдық округінен 70 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Карагужиха ауылында 26 отбасы тұрады. Ондағы тұрғындарға уақытылы округ әкімінің ұйымдастыруымен бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен уақытылы жеткізіліп отырады. Бүгінгі күнге дейін бірнеше рет жол қардан тазартылды. Қазіргі уақыттада тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жолды қардан тазарту бойынша бір ғана техника жұмыс жасап жатқандықтан тазалау жұмыстары кешігуде. 15 наурызға дейін Малая Убинка мен Карагужиха ауылының арасындағы жолды қардан толықтай тазартатын боламыз, - деді Малая Убинка ауылдық округінің әкімі С.И. Сомов.
Ауыл тұрғындары да осы мәселенің күні бүгінге дейін өзекті екендігін алға тартты.
- Кейде тоқ жоқ болып қалады, бірақ ол анда-санда ғана. Осы жол мәселесі шешілсе дейміз. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, зейнетақы да уақтылы жеткізіліп отырады. Өтінішімізді ескеріп, дер кезінде қолға алып, алыс болса да облыс орталығынан келген сіздерге алғыс білдіреміз. Жақын күндері жолымыз қардан тазартылады деп сенеміз, - деді ауыл тұрғыны Наталия Ивановна.
Карагужиха ауылы тұрғындарының әлеуметтік мәселесі «Amanat» партиясының ШҚО филиалының партиялық бақылауына алынды. Сонымен қатар тиісті атқарушы органдардың өкілдеріне нақты мерзімде тапсырма берілді.