ШҚО ақпараттық орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов өңірінде пәтер кезегі мәселесі өткір болып тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі пәтер кезегінде тұрған 610 адамның 83-і әлеуметтік жағынан әлсіз топта екенін хабарлады.
– Мен аудан әкімі болып келгенде пәтер кезегінде 450 адам тұрған. Қазір бұл санаттағы адам қатары молайып келеді. Бұрыннан-ақ пәтер кезегін шешу жөнінде жобалар болса, оны ары қарай жүргізе берер едім. Бәрі үзіліспен жүргізілген. Бұл мәселе біздің кемшілігіміз деп санаймын. Биыл 60 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта осы мәселені шешуді ойластырып, әр түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, – дейді аудан әкімі.
Аян Өрібаев