Жыл басынан бері Глубокое ауданында ауыр қылмыс пен көше қылмысының саны өскен. Бұл жөнінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында есеп берген Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Хаджи-Мұрат Мертай мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аудан әкімі ресми сайтының хабарлауынша, жыл басынан бері Глубокое АІІБ УПИ бастамасы бойынша 40 адам маскүнемдіктен ықтиярынан тыс емделуге жіберілген көрінеді. Осының нәтижесінде мас күйінде жасалатын қылмыстар 1,9 пайызға азайды.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу мақсатында жылдың басынан 131 ата-ана, 6 кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 адам ата-ана құқығынан айырылды, 2 ата-ананың құқығы шектелді, 14 кәмелетке толмаған балалар бейімдеу орталығына орналастырылған.