Зардап шеккендердің сөзінше өртенген Майкөбенің қоңыр көмірі маусым айының басында әкелінген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жеті оқиғаның алтауында өрт сөндірушілер жалын ошағын сөндіріп үлгерген. Тек Белоусовка ауылындағы бір үйдің моншасы мен электр бағаны, көмір сақтау қоймасы өрт салдарынан қайта жөндеуге келмейді.
Айта кету керек, көмірдің өздігінен жануы – үздіксіз тотығу реакциялары нәтижесінде болып отыр. Көмірдің тотығуы нәтижесінде алдымен температураның жоғарылауы орын алады. Егер температура шекті межеге жетсе, онда көмірдің өздігінен жануына әкеледі. Әдетте, бұл қара алтынды дұрыс өндірмегенде және технологиялық өндіру мен сақтау кезінде жіберілген қателіктерден болады.
– Тұрғындар көмір сатып алу кезінде қоңыр және тас көмір жеткізушілерден сапа сертификаттарын талап еткендері жөн. Өздігінен жануға кедергі келтіретін заттарды қолданыңыз, штабельдің температуралық режимін де бақылау қажет, – деп ескертеді Глубокое ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ