Глубокое ауданында бірнеше көше атауы өзгереді

384
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Веселовка ауылында мемлекеттік мекеменің шешімімен көше атауларын өзгерту жобасы жарияланды. 

Глубокое ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған құжатта: Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Веселовка ауылдық округінің әкімі аудандағы бірнеше көшелердің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Советская көшесін - Қайыңды, Пролетарская - Речная көшесіне, Ленин көшесі - Бірлік деп өзгертіледі. 

Анель АБЗАЛБЕКОВА