Глубокое ауданында бөгденің көлігін иемденген ер адам ұсталды

379
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 34 жастағы ер адам хабарласып, жөндеуге қалдырған көлігі қайтарылмай жатқандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес ер адам Ушанов ауылының 32 жастағы тұрғынына Subaru автокөлігін жөндеуге бергенін, ал ол көлікті иемденіп қайтармай жүргеніне шағымданған. Шығын 5000000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері Ушанов ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстап, одан «Subaru» көлігін тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 389-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.