Глубокое ауданында ер адам итке оқ атқан

161
көрілім
Фото суретті еріктілер түсірген

Белоусовка кентінде болған оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының  тілшісі.

Жергілікті тұрғындар атыс дыбысын естіп, оқиға орнына жақындай түскен. Анықталғандай, сол уақытта әлдебіреу итке оқ атыпты.
Оқиғадан еріктілер де хабардар болды. Олар итті ветеринариялық емханаға жеткізіп, мамандарға тапсырды. Сарапшылар сөзінше, жануар мойын тұсынан оқ жарақатын алған.
Қазіргі таңда «Досым» жануарларды сауықтыру орталығы Рыжуля лақып аты бар итті бақылауға алды. Бұған қатысты полицейлер түсініктеме берді.
- Глубокое ауданының тұрғыны 102 арнасына хабарласып, белгісіз біреудің итті атқаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер оқиға куәгерлерінен мәлімет алды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта қылмыскерді анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның қараңғыда болғанын, сондықтан куәгерлер күдіктіні сипаттай алмағанын айтты.